Академиялық ұтқырлық

«Психология және дефектология» кафедрасында дарынды студенттердің еліміздің және алыс шетелдегі жоғары оқу орындарына барып білім алуларына мүмкіндік беретін «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы белсенді түрде енгізіліп жүзеге асырылады. Мысалы, 2015-2016 оқу жылында ФК-13-3к2 тобының студенті Алмагүл Каримбердиева Польшадағы Лодзинский университетінде білім алуда. Тілеу Назерке, Бостанова Жазира,Қалмахан Айдана Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде, ал Жасия Азиза Е.Букетов атындағы ҚарМУ-да оқып жүр. Студенттер оқытушылар және курстастарымен байланыс жасап тұрады.