«AITYN ADAM DUATHION SHYMKENT 2016»

Жуырда Шымкент қаласында Мәдениет және спорт министрлігі, ОҚО және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Триатлон Федерациясының ұйымдастыруымен «AITYN ADAM DUATHION SHYMKENT 2016» атты дуатлон (жүгіру, веложарыс. жүгіру) бойынша ауқымды спорттық жарыс өтті. Көпшілік жарысқа 200-ден аса адамдар қатысты. Аталған жарыстың мақсаты триатлонды, сондай-ақ ҚР спортының циклдік түрлерін әрі қарай дамыту және танымал ету, салауатты өмір салтын насихаттау, бұл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына да арналды. Жарыстың жеңімпазы болып «Педагогика және психология» мамандығының ФК-15-3р тобының студенті Ибрагим Динара танылды, финишші«AITYN ADAM DUATHION SHYMKENT 2016» құрметті медалімен және естелік символикасымен марапатталды. Біз Динараны жеңісімен құттықтаймыз!