А.Асқаровтың өмірі жайлы дөңгелек үстел өтті.

2018 жылдың 17-сәуір күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 7-ғимаратының оқу залында «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің аға тәлімгері Г.Т.Малғайдарованың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараның мақсаты қоғам қайраткері, біртуар тұлға А.Асқаровтың өмірі мен еңбектерін студент жастарға насихаттау болды. «Сұраншы батыр» атындағы тарихи тұлғаларды тану орталығының жетекшісі, саясат ғылымдарының кандидаты, доцент Рысбаева Сәуле Жақсыбайқызы және тарих ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті Жанар Белгібай тақырып аясында студенттерді өз баяндамаларымен таныстырды.