"75 жыл - 75 белес"!

2018 жыл 8-қазан күні университетіміздің 75 жылдығына орай "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің "Экономика, заң және аграрлық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі" кафедрасының ұйымдастыруымен университет бойынша 1-курс студенттері арасында спартакиаданың ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына университетіміздің барлық факультеттері қатысты. Спартакиада апта бойы жалғасып, қорытындысы апта соңында жарияланатын болады.