25.04.2017 ж. күні ОҚМУ-нің 7-оқу ғимаратында «Қазақстан және Түрікменстан: бейбітшілік және даму жолындағы ынтымақтастық» тақырыбында іс-шара өтті.

     «Қазақстан және Түрікменстан: бейбітшілік және даму жолындағы ынтымақтастық» - М.Әуезов атыдағы ОҚМУ-нің түрікмен ұлты студенттері Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында және Түрікменстан Президенті Г. Бердімұхамедовтің Астанаға сапарын кең ауқымды іс-шара ретінде тойлады. 

Іс-шараны шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті деканы, «Дене тәрбиесі және спорт» факультеті деканаты, ақпараттық білім беру орталығы ұйымдастырды.

Мәдени іс-шарада концерттік бағдарлама, көрме, ғылыми-тәжірибелік конференциямен қоса, «Үнсіз келін» атты ең танымал түрікмен фильмі көрермен назарына ұсынылды.

Олар екі халықтар арасындағы достықтың белгісі ретінде ағаш отырғызды.

Университетіміздің 720 шетелдік студенттерінің ішінде 287 студент Түрікменстан елінен келген. Ұйымшыл, жауапкершілігі мықты студенттер саяси зеректігімен де ерекшеленді.

Түрікмен халқының мәдениетімен танысу өте қызықты болды.