2019 жылдың үздік студенті!

20-сәуір 2019 ж. күні Нұр-Султан қаласында Халықаралық "2019-жылдың үздік студенттері" жобасының жеңімпаздары анықталды. Марапатталған студенттер арасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ, "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің бір қатар студенттері де болды: бокс бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Монако, Дубай және Лондонда өткен кәсіби бокс жеңімпазы Заурбек Сұлтан, пауэрлифтинг бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, үш дүркін әлем чемпионы Шаукатов Жавлон, оқ ату бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Старостина Виолетта,  оқ ату бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Хорольский Денис, І вице Мисс Шымкент-2018 жеңімпазы Ниязбек Айдана.

Құтты болсын!