2016 жылдың қазан айының 25-жұлдызында М.Әуезов атындағы ОҚМУ – де «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев облыс және ОҚМУ белсенді жастарымен салтанатты кездесуі өтті.

«Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс сапарымен келді. Ол оңтүстік өңірінің жоғарғы дәрежелі спортшыларымен кездесті. Оңтүстік Қазақстан облысының жетекші спортшылары, елдің және ОҚМУ-нің мақтанышы, олимпиадашылар Жазира Жапарқұл, Біржан Жақыпов, Сабина Аширбаева, Елизаветта Король, Аружан Абдуразак - республикалық және халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары.

Кездесу өте жылы, достық ортада өтті. Мұхтар Құл-Мұхаммед және Жансейіт Түймебаев біздің жетекші спортшылардың әлемдік сахнада спорттық жетістіктерін жақсы біледі.

Мұхтар Құл-Мұхаммед және Жансейіт Түймебаев мемлекет басшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан, өздерінің атынан спортшыларға алғысын білдірді және біздің еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әлемнің үздік ареналарында жаңа жарқын жеңістер тіледі.

Өз кезегінде спортшылар мемлекет басшысы Н.Назарбаевты, «Нұр Отан» партиясының  төрағасының бірінші орынбасары  Мұхтар Құл-Мұхаммед және ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевқа Республикамызда дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселесіне үнемі көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді, тиісті түрде Қазақстан Республикасының абыройын әлемдік спорттық жарыстарында қорғауға барлық спортшылар атынан уәде берді.