2016 жылдың қаңтар айының 11-25 жұлдыздары аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушылары және қызметкерлері арасында «Денсаулық» бағдарламасы бойынша Спартакиада өткізілді

Университеттің оқытушылары мен қызметкерлер арасында «Денсаулық» бағдарламасы бойынша өткізілген спартакиада спорттың 8 түрін қамтыған. Атап айтар болсақ, волейбол, кіші футбол, шахмат, стол теннисі, тоғыз құмалақ, жүзу, арқан тарту секілді спорт түрлері бойынша қатысушылар өз бақтарын сынады. Спартакиадаға «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің «Гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарға арналған дене тәрбиесі» кафедрасы жетекшілік жасады. Спорттық жарыстар оқытушылар және студенттер тарапынан жанкүйерлерге толықтай қолдауымен тартымды да, қызықты өтті.

2-аптаға созылған жарыстың барлық спорт түрлерінің қорытындысы бойынша:

І орын: Механика және мұнай-газ ісі факультеті

ІІ орын: Әкімшілік шаруашылық бөлімі

ІІІ орын: Педагогика және мәдениет факультеті

Жеңімпаздар арнайы жүлде-кубоктармен, мадақтау қағаздарымен марапатталды.