2016 жылдың 26-30 қазан аралығында бокстан әйелдер арасындағы халықаралық турнир өтті.

Турнир 5 ел Қазақстан, Ресей, Өзбекістан, Украина, Қырғызыстан елдері арасында ұйымдастырылып, Ұлы Отан соғысындағы Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова және халық қаhарманы Хиуаз Доспанованы еске алуға арналды. Бокс бойынша әйелдер арасындағы халықаралық турнирде ФК 13-1к1 тобының  студенті Нұршаева Мадина 62 кг салмақта 1-орын иеленді.