2016 жылдың 26-27 қараша күндері Астана қаласында жасөспірімдер арасында белбеу күресінен Әлем Чемпионаты өтті.

Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған чемпионатқа әлемнің 30 мемлекетінен спортшылар қатысты. Солардың ішінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының ФК-16-1к1 тобының студенті Байжігіт Мейірбек Қуатбекұлы І орынға ие болып, Әлем Чемпионы атанды.

Мейірбектің биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз!!!