1-курс студенттерімен кездесу.

17-қыркүйек күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ 1-студенттер жатақханасында 1-курс студенттерімен факультет декандарының кездесуі өтті. Кездесуден басты мақсат - 1-курсқа қабылданған студенттерді Білім туралы заңмен, ЖОО жарғысы, Ішкі тәртіп ережелері, жатақханадағы тәртіп ережелерімен, студенттердің құқықтары және міндеттерімен таныстыру болды. Кездесу барысында студенттерді қызықтырған түрлі сұрақтарға факультет декандары толық жауап беріп отырды.