Activities calendar

18 February 2018

Хабарландыру

  «Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасының аға оқытушысы Есипов В.В. ашық сабақ өткізіледі   пәні: «Инновационные технологии тренрировочного процесса  спортсменов высшей квалификации»,

  тобы: ФК 15-1р, Ашық сабақ өткізу орны: №12 оқу ғимараты с/к Денсаулық №18     Күні: 16.03.2018 ж,  Уақыты: 09:35

Тәрбие жұмысы

   Дене шынықтыру сабақтары барысында студенттердің тәрбие жұмысы жағымды әңгіме, эстетикалық және қоғамдық саяси тәрбиеге, салауатты өмір салтын насихаттауға, спорт секцияларына қатысуға бағытталған.

Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

   «Спорттық пәндер және жекпе-жектер»» кафедрасының оқытушы - профессор құрамы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң тақырыптық жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Кафедраның оқытушылары ҚР БҒ саласындағы комитетінің ұсынған журналдарында, нолдік емес импакт-факторлы (Scopus, Thompson Reuters, Elsevier) және РИНЦ журналдарында, сонымен қатар халықаралық конференциялардың жинақтарында мақалалары жарияланып тұрады.

Оқу-әдістемелік жұмыстар

    «Спорттық пәндер және жекпе-жектер»» кафедрасының оқытушы - профессор құрамы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң тақырыптық жоспарына сәйкес оқу-әдістемелік әдебиеттер жоспарға сай шығарылуда. 

Жетістіктер және жүлделер

  «Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасы 2013-2014 оқу жылының нәтижесі бойынша « М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік кафедрасы» наминациясының  жеңімпазы болып  куәлікпен мараппатталды.

 «Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасы студенттерінің жетістіктері:

Жаңалықтар

Талдықорған қаласында өткен ҚР чемпионатында ФК 14-1к4 тобының студенті Есенкелді Нұрәділ 3 орынға ие болды.

Жалпы мәліметтер

   "Спорттық пәндер және  жекпе-жектер" кафедрасы  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің шешімімен екі кафедраның "Спорттық күрес және қолданбалы спорт түрлері" және "Бокс және ұлттық спорт түрлері" кафедрасының бірігуімен қайта құрылды.    

Кафедра тарихы

   «Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасы 1990 жылы құрылған. 1990-1992 жылдары «Спорт пәндері» кафедрасының меңгерушісі қызметін Е.Ш. Шатаев, 1993-1994 жылдары М.Ш.Артықбаев, 1995-2001 жылдары п.ғ.к., доцент Ж.Б. Биданов, 2002-2006 жылдары п.ғ.к., доцент М.Ш.Артықбаев атқарды.