Activities calendar

07 February 2018

Хабарландыру

Күндізгі оқу бөлімінде оқу мерзімі 4 жыл.

«Кешкі және қашықтықтан» оқу бөлімінде оқу мерзімі – 5 жыл.

Жеделдетілген және қысқартылған оқу бөлімдері бар:

Тәрбие жұмысы

  «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасында «Патриот» үйірмесі жұмыс жасайды, үйірме жетекшісі – аға оқытушы, магистр Елубаев С.И.  Үйірме құрамында 20 мүше бар. Үйірме әскери-патриоттық тәрбие бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

    2016-2017 оқу жылында кафедра профессор оқытушылар құрамының бірлесіп шығарған 5 ғылыми монографиясы және 30 дан астам халықаралық ғылыми мақалалары жарияланды.

Жетістіктер және жүлделер

     2017 жылдың 4,5 сәуір күндері Қарағанды қаласында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының студенттері арасында өткен 9-республикалық олемпиадасынан командалық 3-орын алғаны үшін студенттер Білім және ғылым министрінің және университет басшыларының грамотасымен марапатталды.

Жаңалықтар

    Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары арасында өткен,«Білім беру бағдарламасының рейтингі-2017». 5В010400-Бастапқы әскери дайындық  бакалавриат мамандығы бойынша АРТА рейтингісіне қатысушы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң  «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы 1-ші орынды иеленді.

Жалпы мәліметтер

   М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы білікті педагогикалық құраммен, осы заманға лайықты оқу базасымен және білімді жоғары дәрежеде беретін республиканың оңтүстік аймағындағы жалғыз ұқсас профильдік оқу - ғылыми бөлімшесі болып табылады.